Қазақстан өнімі шетелде танымал брендке айналып жатыр

Фотосурет: https://t.me/presseconomy/7869

Астанада отандық өндірушілердің көрмесі өз жұмысын бастады. Ulttyq ónim-2025 көрмесіне отандық өнімдер, тауарлар, жабдықтар, зергерлік бұйымдар мен басқа да мыңдаған тауар түрі шығарылды. Көрмеде еліміздің әр аймағынан келген 350 өндіруші өз өнімін ұсынуда.
 Премьер- министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесінің ашылу салтанатына қатысып,өз бағасын берді.

«Ulttyq ónim сегізінші көрмесі – отандық кәсіпкерлікті дамытудың ең жақсы дәлелі мен көрінісі. Өндірушілер еліміздің ішкі нарығындағы ұстанымын нығайтып, экспортқа шығуда. Шетелде танымал брендке айналып жатыр. Ал шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы тек күшейе бермек. Биыл экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бет бұрдық. Мемлекет ақпараттық технология, логистика, туризмге, тамақ өнімін, құрылыс материалын өндіруге, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сияқты басым салалардағы ШОБ инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті көрменің ашылуында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. 

Фотосурет: https://t.me/presseconomy/7869

Көрмеде ас үй плиталары, желдеткіш, медициналық жабдықтар, трансформаторлар, құрама жем, чемодандар, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, антисептиктер, киім, аяқ киім және басқа да сұранысқа ие тауарлар ұсынылған.

Фотосурет: https://t.me/presseconomy/7869

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы «Бәйтерек» холдингінің субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы Үкімет бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға 336 млрд теңге бөлді. 2,7 мың жобаға 254 млрд теңге жеңілдетілген несие берілсе, жалпы 29,5 мың жоба 1,7 трлн теңгеге мемлекеттің қолдауына ие болды. Бұл шаралар 9,7 мың жұмыс орнын ашуға, 25,4 трлн теңгенің өнімін шығаруға, 1,7 трлн теңге салық түсіміне мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2024 жылы ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар үлесі халықтың 48%-на тиесілі болса, ЖІӨ-ге қосылған үлес шамамен 40%-ды құрайды.

Тағы оқыңыз...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты...