Көлік вице-министрі пармен ұсталды

Көлік вице-министрі пармен ұсталды

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алды деген күдікпен ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталған сәтінен жедел түсірілген кадрларды да жариялады. Бейне түсірілімде құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып жатқанын көруге болады. Одан әрі тергеушілер Аблалиевтің үйіне тінту жүргізіп, үйіндегі вазадан көп көлемде қолма-қол ақша тәркіленеді.

Бұған дейін ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сатжан Аблалиевтің ұсталғанын растаған болатын. Комитеттің мәліметінше, вице-министр пара алу күдігіне ілініп, сот санкциясымен қамауға алынған. Сатжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникациялар университетін бітірген.
2023 жылдың қазан айынан бері Көлік вице-министрі лауазымын атқарып отыр. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген. Отандық БАҚ-ң хабарлауынша, вице-министр «78 мың доллар көлемінде пара алды» деген күдікке ілінген. Kozachkov offside арнасы тергеу «автомобиль жолдары комитетіндегі жұмыспен» байланысты деп хабарлады.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен осы жағдайға байланысты ақпарат сұратып едік, жауап жоқ.

Видео: https://t.me/prokadrykz/47914

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...