Қожамжаров қайда қашты?

Экс-сенатор Қайрат Қожамжаровқа қатысты іс неге кеш қозғалды? Бас прокуратураның хабарлауынша, іс оның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілерін тексеру бойынша жүргізілуде.

Алайда, құзырлы орган кеш қалған сияқты. Қаншама жылдар бойы прокуратура, сыйбайлас жемқорлықпен күрес салаларында басшылық қызметте болған, облыс әкімдігін тізгіндеген Қожамжаров алдын-ала қамданғанға ұқсайды. Елдегі соңғы лауазымы-Парламент Сенатының депутаты болды. Отандық БАҚ-да экс-сенатордың айналасындағы адамдар бірінен соң бірі, алдымен, ағасы Дулат Қожамжаров, кейін бұрынғы серіктестері Талғат Татубаев пен Олеся Кексель қылмыстық қудалау орбитасына түсе бастаған соң, Қожамжаров елден кетуді ойластырған деп жазады.Тіпті Ресей азаматтығын алған деген ақпарат та тарады. Ал Қайрат Қожамжаровтың нақты қазір қайда екенін сұрағанымызда Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев тергеу жүріп жатыр деген жауаппен құтылды.

Тағы оқыңыз...

Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...

Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...

Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқылануда

Бүгін Шымкентте ел экономикасын практикалық цифрлық және AI-трансформациялаудың жаңа ұлттық платформасына айналған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық...