Құрылтайға министрлерді отставкаға жіберу ұсынылды

    Құрылтайға министрлерді отставкаға жіберу ұсынылды

    Қазақстанда Құрылтайдың өкілеттігін кеңейту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, оған Үкімет мүшелерін қызметтен босату мәселесін бастамалау құқығын беру көзделуде. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров болашақ Конституциялық заңда Құрылтайдың қызмет тәртібі мен өкілеттіктерін бекіту жоспарланып отырғанын айтты. Құрылтайға Қазақстан Президентінің сайланғанын жариялау, республикалық референдум өткізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ вице-президент пен Премьер-министрдің тағайындалуын көпшілік дауыспен бекіту құқығын беру ұсынылады.

    Сонымен қатар, Құрылтай депутаттары Жоғарғы сот судьяларын сайлап, олардан ант қабылдап, Президенттің ұсынуымен қызметтен босата алады.

    Конституциядағы Мәжіліс депутаттарының Үкіметке сенімсіздік білдіру құқығын Құрылтайға беру ұсынылмақ.
    Жоғары аудиторлық палатаның есебі қабылданбаған жағдайда, бұл Үкіметке сенімсіздік білдіру болып саналатынын депутат ерекше атап өтті.

    Тағы оқыңыз...

    ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

    Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

    ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

    Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

    Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

    Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...