Жекеменшік мектептер: білім бе, бизнес пе?

Жекеменшік мектептер: білім бе, бизнес пе?

Мемлекет жекеменшік мектептерге миллиардтап қаржы бөліп отыр. Бірақ бұл қаражаттың бәрі бала білімін жақсартуға жұмсалып жатыр ма?

Үкімет Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіпті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бюджет қаржысының қалай жұмсалып жатқанын қайта сүзгіден өткізіп жатыр. Тексеріс нәтижесі білім саласындағы бірқатар жүйелі проблеманы ашып берді.
Үкіметтің баспасөз қызмеінің хабарлауынша, Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрі Мәди Такиевтің жекеменшік мектептерді қаржыландыруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындыларын тыңдады. Мәліметтер алаңдатарлық. Қаржы министрінің мәліметінше, соңғы бес жылда жекеменшік мектептер саны төрт еседен астам артқан: 2020 жылы 203 болса, 2025 жылы 878-ге жеткен. Ал ондағы оқушылар саны алты есе көбейіп, 53 мыңнан 322 мыңға дейін өскен. Осы өсіммен бірге бюджет шығыстары да күрт артты. Егер 2020 жылы жекеменшік мектептерге 13,3 млрд теңге бөлінсе, бүгінде бұл сома 248 млрд теңгеге жеткен. Яғни, 20 есе өскен.

Алайда аудит көрсеткендей, 2025 жылдың соңына дейін бұл қаржыландыру жүйесі бейберекет әрі бақылаусыз болған. Соның салдарынан деректер бұрмаланып, бюджет қаражатын теріс пайдалану тәуекелі артқан. Аудит барысында оқушылар санын қолдан көбейту, ғимарат сыйымдылығын үш есе артық көрсету, кірісті әдейі жасырып салықтан жалтару, күрделі жөндеу қаржысын косметикалық жұмысқа жұмсау секілді өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Яғни, кей мектептер білім беру орталығы емес, бюджет қаржысын «игерудің» құралына айналған. Ең сорақысы — бұл жағдай бақылаушы органдардың салғырттығынан немесе тікелей қатысуымен орын алған. Осылайша мемлекеттік қолдау білімнің қолжетімділігі үшін емес, пайда табудың тетігіне айналып кеткен.

Енді Үкімет қаржыландыруды Orta-bilim.e-qazyna цифрлық платформасы арқылы жүргізбек. Бұл ашықтықты арттырып, заңсыздықты азайтуы тиіс. Алайда басты сұрақ ашық күйінде қалып отыр. Миллиардтаған бюджет қаржысы бақылаусыз кеткенін күтпей, бұл жүйе неге дер кезінде реттелмеді?

Тағы оқыңыз...

ІІМ қазақстандықтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды

ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта кәмелетке толмағандар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды тіркеп, кейін оларды...

Сыңғырла, соңғы қоңырау

Бүгін еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекелік шарасы өтті. Қазақстанда биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы...

Тоқаевтың шақыруымен Путин Астанаға келеді

27–29 мамыр аралығында Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен...