Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты.

«Конституция — елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы — билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл — демократиялық қоғамның негізгі принципі», — деді Шайназаров.

Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера сезіліп, азаматтар жоғары деңгейде белсенділік танытқан.

«Мен барған учаскелерде адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сайлаушылар белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды», — деді ол.

Сөз соңында Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан халқына референдумның өтуімен құттықтап, елге тұрақтылық тіледі.

Еще больше интересного

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға...

Қазақстанда өткен республикалық референдум халықаралық бақылаушылардың назарында болды. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Қазақстандағы дауыс...

Қазақстанда алдағы жазда парламент сайлауы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы парламент сайлауы өтетінін мәлімдедіПрезидент Қазақстанда жаз мезгілінде парламент сайлауы өтетінін хабарлады. Бұл туралы...

ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Жаңа Конституцияның 31-бабы 2-тармағында волонтерлік қызметке ерекше тоқталған. Демек қоғамда белсенді жастардың статусы заңмен бекітілді деген сөз. Алғаш рет...