ЛГБТ насихатына заңмен соққы

Мәжіліс депутаттары ұсынып отырған норма- ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салады. Мәжілістің жұмыс тобында депутаттар мен адам құқығын қорғау ұйымдарының өкілдері аталмыш норманы қызу талқылады. ЛГБТ-ға тыйым салу адам құқығын бұзу, Ата заңның 14-і бабына қайшы әрекет деп шырылдаған құқыққорғаушылар депутаттардың бастамасына үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

-Жоғары сот мүшелерімен сөйлескенімізде, ЛГБТ өкілдерінің мүддесіне кері әсер ететін Конституциялық түзетулер қабылдауға болмайтыны айтылды. Қазақстанда ЛГБТ насихаттауға, анықтауға тыйым салатын заң жоқ. Осындай адамдарға қатысты ақпараттық шектеу қою Конституцияға қайшы,- деді «Феминита» ЛГБТ –тобының құрылтайшысының бірі Жанар Секербаева.

Ал депутаттар алған бетінен қайтатын емес. ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салу керек. Бұл әркімнің жеке таңдауы, бірақ оны ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде,фильмдер мен жарнамаларда насихаттауға болмайды. Егер тыйымды бұзғандар тіркелсе, әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы тиіс деді мәжілісмен Еділ Жаңбыршин. Депутат отырыс барысына онлайн қатыстып отырған «Феминита» тобының жетекшісі Жанар Секербаеваның әлеуметтік желідегі әрекетін сынады.

ЛГБТ насихатына заңмен соққы

-Міне Секербаеваныңәлеуметтік желідегі әрекеті. Шығып жатқан жерін қараңыз. Адамның мүшесін салып қойған мында.Содан шығып жатыр екеуі. Осы дұрыс па? Еркектің мүшесін шығарып қояйық онда. Бұл не деген көргенсіздік. Ұят жоқ.Дардай азаматтар. Осыны қалай әлеуметтік желіге шығаруға болады? Адам құқығын қорғау ұйымының өкілдері бұлар. Біз лесбиянбыз деп ашық түрде былапыт сөздер айтып отыр. Бұл қоғамға керек пе?Ұят нәрсе. Енді келіп бізге тыйым салып жатыр дейді. Ешкім тыйым салып отырған жоқ.Сізді ешкім гомосексуалист деп түрмеге қамап жатқан жоқ. Емін-еркін жүрсіздер. Ал бірақ сіздерге ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым саламыз,-деп ашуланды депутат .

ЛГБТ насихатына заңмен соққы

Депутаттардың айтуынша, бұған дейін ЛГБТ насихатына қарсы норма дайындалғанымен, қоғам тарапынан түрлі қарсылықтар болған. Алайда соңғы уақытта бұл мәселеге қатысты петициялар мен зерттеулер көбейіп, қоғамда алаңдаушылық арта түскен.

Халыққалаулылары мұндай көзқарастағы адамдарға тыйым салынбайды, бірақ оны насихаттауға болмайды. Жұмыс тобының қортындысы бойынша депутаттар ЛГБТ мен педофиляны насихаттағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды, бұл әрекет қайталанған жағдайда 40 АЕК айыппұл салу немесе 10 тәулікке қамауға алу жазасын енгізді.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...