
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті. Ақорданың хабарлауынша, Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. Өздеріңізге мәлім, 7 мамыр күні елордада мерекелік әскери парад өткен болатын. Бұл салтанатты шеру ел әскерінің әлеуетін паш еткен еді. 70-ке тарта ұшақ пен тікұшақ, 24 парадтық топ, жалпы жиыны 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысты.