Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Отшашу сағат 22:00-де қаланың екі орнынан – Атырау көпірі маңынан (қалалық жағалау) және Ботаникалық саябақ аумағынан атылды. Отшашу 5 минутқа созылып, әр жерден 4 мыңға жуық мәрте атылды.

Мерекелік отшашу Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды. Елордада барлығы 100-ден астам түрлі іс-шара, оның ішінде концерттер, қойылымдар, ғылыми конференциялар, мектептердегі тәрбие сағаттары және басқа да патриоттық шаралар өтті. 70 мыңнан астам адам қатысты деп, хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз...

Ясминаның алтыны жарамсыз деп танылды

Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны аяқ киімге байланысты жойылды. Қазақстандық 21 жастағы спортшы Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...