Мұнай татыған тауық еті

Мұнай татыған тауық еті

Тараз қаласындағы шағын мұнай өңдеу зауытының өкілдері санитарлық аймақтағы «Алель Агро» компаниясының қызметіне алаңдаушылық білдіруде. Жамбыл облысындағы ең ірі инкубатордың Тараз қаласының өнеркәсіптік аймағындағы мини-мұнай өңдеу зауытына тым жақын орналасуы — өткір экологиялық және санитарлық мәселе ретінде сұрақ тудары дейді «Мұнай Өңдеу» ЖШС директоры Бахром Раимов. Астанада өткен баспасөз маслихатына қатысушылардың айтуынша, балапан өсіретін кәсіпорын мұнай қалдықтары мен басқа да химиялық заттар сақталған резервуарлардан небәрі 50 метр жерде орналасқан. Мұндай жақын орналасу сауда желілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және ел аумағындағы әлеуметтік және коммерциялық ұйымдардың асханаларына түсетін өнімдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді дейді олар.

Мұнай татыған тауық еті


Мұнай өңдеу зауытының басшылығы бұл ауыл шаруашылық кәсіпорнын санитарлық және экологиялық аймақтан шығару туралы талаппен сотқа жүгінген. Алайда көптеген өтініштерге қарамастан, мәселе шешімін таппай отыр.
«Алель Агро» АҚ Тараз қаласының өнеркәсіптік аймағындағы зауытты электрондық сауда арқылы сатып алып, МӨЗ-ң жақын көршісіне айналды. Біраз уақыт өткен соң, «Алель Агро» өзінің қызметін тағам өндірісіне тыйым салынған аумақта кеңейтуге әрекеттеніп, заңсыз әрекеттер мен қақтығыстарға себеп болды. Басқаша айтқанда, жаңа көршілер ескі көршілерді ығыстыруға тырысты дейді зауыт өкілдері.
«Алель Агро» «Мұнай Өңдеу» ЖШС-не өз нысандарына қызмет көрсету үшін олардың жер телімін пайдалануға рұқсат сұрап жүгінді. Бірақ шағын МӨЗ өртке қауіпті нысан болғандықтан, бас тартылды. Алайда бұл жағдай компанияны тоқтатпады — ол «Мұнай Өңдеу» ЖШС-нің жерін тартып алу мақсатында 45 мың тонна өнім өндіруге арналған ет өңдеу зауытының құрылысын көздеген сот процесін бастады. Бұл жоба «Қазфосфат» химия зауытына және МиниМӨЗ-ге бар болғаны 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс еді. Нәтижесінде, сот «Алель Агроның» талаптарын толықтай кері қайтарып, ет өңдеу зауытының бұл аймақтағы қызметі заңға және санитарлық нормаларға қайшы екенін растады.
Алайда, сот шешіміне қарамастан, құрылыс жұмыстарына дайындық жалғаса берді. Тек бұл жолы жаңа жоспарға сәйкес инкубатор салу көзделді. Осылайша, шағын МӨЗ-ң қасында ірі өндірістік цех пайда болып, экологиялық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық туындады.
«Мұнай Өңдеу» ЖШС-нің заңгерлері бұл жерде жылына 36 миллион балапан өсіретін өнеркәсіптік инкубатор іске қосылып, жұмыс істей бастағанын анықтады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мұндай нысандардың санитарлық аймақтарда орналасуына қатаң тыйым салынған. Мұндай объектінің болуы халық денсаулығына қауіп төндіреді, әсіресе «Алель Агро» компаниясына шағын МӨЗ санитарлық аймағында тағам өнімдерін өндіруге тыйым салынғаны ресми түрде хабарланғанын ескерсек.
«Мұнай Өңдеу» ЖШС қайтадан сотқа жүгініп, «Алель Агроның» инкубаторын заңсыз реконструкциялап, пайдалануға беріп отырғанын көрсетті. Бұл шағым Бас прокуратураға жолданып, кейін ол экологияға бақылау жүргізетін мамандандырылған прокурордың қарауына берілді. Алайда бақылаушы органдар үнсіз қалды және қажетті шаралар қабылданбай отыр.

Мұнай татыған тауық еті

Шағын мұнай өңдеу зауыты аумағында 1500 тонна мұнай қалдығы сақталған қоймалар бар, олар улы заттар бөледі. Бұл заттар небәрі 50 метр қашықтықта орналасқан балапандарға әсер етуі мүмкін дейді зауыт өкілдері.

Тағы оқыңыз...

LRT сынақтан өтіп жатыр

Бүгіннен бастап LRT сынақтан өтіп жатыр.Жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтан өткізу барысында инфрақұрылымның техникалық дайындығы, қозғалыс қауіпсіздігі...

Италия Президенті Қазақстанда

Бүгін Ақорда Италия Президентіне құрмет көрсетіп жатыр. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті...

Маңғыстауда 401 млрд теңгелік туризм жобалары іске асады

Ақтау қаласында Халықаралық туризм күніне орай Mangystau International Tourism Forum өтті. Каспий жағасында өткен форумға Экономикалық ынтымақтастық...