Ұрланған миллиард

Экс-вице-министр Ерлан Қожағапановқа үкім шықты. Бақылаушылардың айтуынша, бұл іс бойынша ұрланған сома — бір миллиард теңгені құрайды. Алайда бұрынғы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Қожағапанов небәрі үш жылға сотталды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы оны жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Алайда сот жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, жеңіл үкім шығарды. Сонымен қатар, ол миллиард теңге көлеміндегі келтірілген залалды өтемейтін болды, деп хабарлайды pikirmediia.kz.

Фотосурет: https://inbusiness.kz/uploads/2024-3/As1LgRdy.png

Қожағапанов не үшін айыпталды? Ол Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей форумын өткізуге коммерциялық ұйымның мүддесіне лобби жасады деген күдікке ілінген. Аталған форумда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин бірқатар құжаттарға, соның ішінде «Байқоңыр» кешенін жалға алу шарттарын өзгерту туралы хаттамаларға қол қойған. Форумды өткізуге арналған смета екі есе ұлғайтылып, бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.
Экс-шенеунік жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейтін болады. Қожағапановқа өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сотталушыдан биткойндары мен басқа криптовалюталары, Алматы қаласындағы бірнеше гаражы, 2,7 миллион теңге, 30 мың доллар, жеке үйлері, пәтерлері, автотұрақ орындары, Lexus RX 500 және жұбайына тиесілі Mercedes-Benz GLC көлігі тәркіленді.
Бұл іс бойынша айыпталғандардың бірі — кәсіпкер әйел Ляззат Көккөзова. Оның «Success K» деп аталатын компаниясы дәл сол форумды ұйымдастырған. Әйелге бастапқыда ұрлық бойынша айып тағылған, алайда сот процесі барысында айып «Алаяқтық» бабына өзгертілді. Ол сот залында қамауға алынды. Жасы келіп қалған оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған дейін айыптаушы тарап оған сегіз жыл сұраған еді. Сонымен қатар, Көккөзова мемлекетке келтірілген миллиард теңге шығынды өтеуі тиіс. Ол үшін бір ай ішінде өз еркімен төлеу мерзімі берілді. Осы уақытта өтемесе, үкімді мәжбүрлі түрде орындауына тура келеді. Тергеу мәліметі бойынша, Көккөзова шығындардың жасанды түрде ұлғайтылған сметасын ұсынған. Жобаның бекітілген жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге жуық болса, соның ішінен 1 миллиард теңгені жымқырған.
Бұдан бөлек, сот Көккөзованың мүлкі де тәркіленеді. Оған 4,8 миллион теңге, 2 800 доллар, криптовалюта, бірнеше пәтер мен жер учаскелері, жеке үй, шаруа қожалығы, гараж, Toyota LC Prado, Toyota Camry және Toyota Hiace автокөліктері кіреді.

Тағы оқыңыз...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты...