«Назарбаев елден пана таппай жүр ме?»

Мемлекеттік құпияны білгендерге шекара жабылуы керек. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи осындай ұсынысын алға тартты. Депутаттың бұл мәселені көтеруіне экс-президент Назарбаевтың Ресейге сапары себеп болды. Өткен демалыста Кремльдің телеграм арнасында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуінен видео тарады. Алайда, бұл кездесуде не талқыланғаны туралы ақпарат жоқ. Бапидің айтуынша, биліктен кеткеннен кейін кейбір бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге жиі қатынауы – ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алаңдататын үрдіс.

«Президенті, ресми билігі тұрған кезде шошаңдап бара берудің қандай қажеттілігі туындады. Маңыздысы- өз елінен пана таппай, өзі елі пана болмай сырттан барып жәрдем, көмек сұрап, тіленшектік тілеп жүрген дүние. Түйсігі бар, есі бар,есті азаматқа трагедия»- дейді, депутат

Осыған байланысты Бапи мемлекеттік құпияға қол жеткізген экс-президенттерге, министрлерге және өзге де жоғары лауазымды тұлғаларға шетелге шығуға заң жүзінде шектеу қоюды ұсынды. Яғни, алдын ала «қызыл сызық» белгілеу керек дейді.

«Шектеу қажет деп жазғаным, мемлекеттік құпияны сатып жібергеннен бұрын елдің ішкі саясатына, сыртқы саясатына үйде жатып пенсионердің араласуына шектеу тұрғысында керек бұл».

Мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша, Назарбаевты ғана емес, әртүрлі мемлекеттік лауазымда болғандар, бұрынғы мемлекет басшылары , жауапты қызметкерлерге осындай шектеу қою керек.

Депутат Абзал Құспан бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің шетелге шығу мәселесін қатаңдату керектігін айтқан. Зейнетке шыққан соң да белгілі бір уақыт оларға шетелге шығуға мүлдем тиым салу жағын да қарастыру керек деп отыр ол.

Ал мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев Назарбаевтың Путинмен кездесуінен ешбір саяси астар көріп тұрған жоқ
«Өзіміз керісінше саясиландыратын

сияқтымыз. Мұны бір жеке мемлекеттен тыс бұрынғы мемлекет қайраткерінің, зейнеткердің жеке сапары деп қарау керек. Оған саяси бояу берудің қажеті жоқ. Ешқандай астар жоқ. Жаңа жылдың алдында бұрынғы әріптесімен жеке кездесуі»-,дейді ол.

Назарбаев көрші елдің басшысын жаңа жылмен құттықтауға барды ма? Әлде өз шаруасы болды ма? Оны енді кездесудегі екеу біледі. Дегенмен, Бапи мұндай қадамды Қазақстан билігі мен халқына жасалған саяси қыр көрсету деп бағалайды. Жаңа жылдың алдында Путинмен кездесу – экс-президенттің жыл сайынғы «дәстүріне» айналғаны жасырын емес.

Тағы оқыңыз...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының...

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те...