Нұрай ісі бойынша полицейлер де жауапқа тартылады

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Парламент Сенатында өткен брифинг барысында Нұрайдың өліміне қатысты қылыстық іс бойынша күдікті қамауға алынып, салғырттық танытқан полицейлерге қатысты іс қозғалынан айтты.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, жауаптар тексеріліп, оқиға орнында нақтылау жұмыстары атқарылды. Күдікті қамауда отыр, сот санкциясы екі ай мерзімге берілді. Аталған қылмыстық іс аясында Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабына сәйкес істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерделеу үшін қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүргізіледі. Өздеріңіз білетіндей, тергеуді Шымкент қаласының полиция департаментіне қарасты тергеу-жедел тобы жүзеге асырып жатыр — деді вице министр Санжар Әділов.

Нұрай ісі бойынша полицейлер де жауапқа тартылады

Алайда қыршын кеткен марқұм Нұрайдың ісі жай ғана «қылмыстық оқиға» емес. Өңірдегі жүйелік сәтсіздіктің көрінісін көрсетті. Өздеріңізге мәлім, бұл қайғылы оқиға бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент полициясының жұмысына баға беруді тапсырғанды. Бұдан соң бірден Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков пен бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ, бірқатар лауазымды қызметкер ішкі істер органдарынан кетті. Жергілікті полицияға сенім жоғалған соң, Шымкентке ІІМ орталық аппаратынан тәжірибелі мамандар жіберілді. Криминалдық полиция мен тергеу департаментінің басшылығы тікелей іске араласып жатыр. Вице-министрдің айтуынша, резонансты іске қатысты полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне байланысты салғырттық белгілері бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік,Нұрай Серікбайдың мәйіті көп қабатты тұрғын үйдің маңынан табылды. Куәгерлер оның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын растады. Кейін жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы шымкенттік қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Тағы оқыңыз...

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының...

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те...

Әскерге шақыру мәжбүрлеусіз жүзеге асуы тиіс

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек...