Орыс тілінің жанашыры Олжас Байдильдиновке АЭС атауына қатысты Президенттің бастамасы ұнамай қалыпты

Байдильдинов әлеуметтік желіде
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің релизінде «Таңдалған атау (Балқаш АЭС) атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді». Егер бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келетін болса, онда конкурс не үшін қажет болды?..
Мен ойладым, байқау арқылы бір креативті дүние таңдаймыз деп, өйткені конкурс комиссиясының құрамына «қоғам өкілдері, креатив индустриясы мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласының сарапшылары кірді».
Тек дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жетпей қалған екен. Сол анекдоттағыдай.
«КапитанОчевидносовское» деген атау шыққан сияқты. Данияр Әшімбаев әзілдегендей: енді логотипті таңдауға жарты жыл кететін шығар-деп келемеждеп жазады.

Орыс тілінің жанашыры Олжас Байдильдиновке АЭС атауына қатысты Президенттің бастамасы ұнамай қалыпты
Орыс тілінің жанашыры Олжас Байдильдиновке АЭС атауына қатысты Президенттің бастамасы ұнамай қалыпты

Атом энергиясы жөніндегі агенттік бұған дейін елімізде салынып жатқан АЭС- на атау беруге қатысты өткен конкурстың нәтижесін жариялағанды. Онда ең көп ұсынылған “Балқаш” атауы таңдалды.
Осылайша “Балқаш” АЭС аталатын болды.
Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді.
Барлығы конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысты. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болды.
Комиссия құрамында қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары болды. Түскен барлық өтінімдерден 10 460 бірегей нұсқа анықталды. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілді.
Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. «Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынған және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды.
Еске сала кетейік, бұл конкурс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында eGov Mobile платформасында өтті.
Сонымен қатар Агенттік келесі атом нысандарының атауын таңдауда пайдаланылатын барлық ұсыныстардан бірыңғай база қалыптастырды.
Базаға Болашақ, Жарық, Қуат, Үлкен, Мойынқұм, Ұлы дала, Тұран, Алаш, Тұмар, Жетісу, сондай-ақ тарихи тұлғалардың есімдеріне байланысты атаулар — Сәтбаев, Абай, Кенесары, Чокин (Шафик Чокинович) және басқалар енгізілді.

Тағы оқыңыз...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...

Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...

Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...