Прокурор Перизатты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұрады

Прокурор Перизатты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұрады

Астанада өтіп жатқан аты шулы Перизат ісі бойынша айыптаушылардың жарыссөзі тыңдалды. Бұл іс бойынша «Birgemiz» қорына қаржы аударған 47 адам жәбірленуші болып отыр. Оның ішінде елдегі екінші деңгейлі банктер мен оқу орындары да бар. Прокурорлар Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның кінәсі дәлелденгенін айтты. 2021 жылдан 2024 жылға дейін «BizBirgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігінің қызметін бүркемеленіп, Перизат Қайрат анасымен бірлесіп, шамамен 3,5 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты қалтасына басты деп отыр айыптаушы жағы. Оңалту орталығына қолдау көрсетеміз, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек керек, тіпті Палестина халқына гуманитарлық көмек жолдаймыз деп жинаған қаржының көп бөлігін айыпталушылар өз қажетіне жұмсағаны анықталды. Ол қаражатқа элиталық көліктер, бірнеше пәтерлер, саяжайлар, бренд киімдер мен аксессуарлар, қымбат әшекейлер сатып алып, шетелде бес жұлдызды қонақүйлерде демалғаны мәлім болды деді прокурор Мадина Оразалина.

-«Енді өз пайдасы үшін қайырылмдылықты жамылғандарға сенім жоқ.Халық үнсіз отырмайды. Шынайы қайырымдылық пен өзгенің қайғысын саудаға салу арасында айқын шекара болуы керек. Садақа – мансапқа жетудің құралы емес. Егер біреу қазақ халқының сенімін пайдаланып, ізгілік маскасын тағып, пайда табуға тырысса, оған қошемет жасалмайды, сотқа келеді. Бұл процесс өзелерге сабақ болсын. Халықтың сенімі – әмиян да, бренд те емес. Ол – аманат. Ал аманатқа қиянат жасаған адам міндетті түрде әшкере болады», — дейді прокурор.

Перизат Қайрат пен оның анасы алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша айыпталып отыр.Оның ішінде бірнеше эпизод бар. Прокурорлардың айтуынша, Перизат Қайрат өзіне тағылған бұл айыпты мойындамаған. Не керек мемлекеттік айыптаушы Арман Қазыкен Перизатты 10 жылға,анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Сондай-ақ, мүлкін тәркілеп,10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды, Перизат Қайратты Шапағат мемлекеттік нагрдасынан айыруды. Ал анасы Ғайни Алашбаеваға орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды . Сондай-ақ 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды сұрады.Мұнымен қоса, прокурор қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеу туралы талап қойды. Тәркіленген мүлікті сату арқылы түскен қаражатты жәбірленушілерге өтеу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз...

Көлік вице-министрі пармен ұсталды

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алды деген күдікпен ұсталды.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрі...

Даңғыл көпір

Ақордада көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салаға еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы көлік...

Скляр кетпейді

Вице-премьер Роман Склярдың үкіметте отырғанына 6 жыл болды. Бүгінгі өткен брифингте вице-премьер Склярдан журналистер “қызметіңізден кететін жоспарыңыз...