Шекарасыз коммуникация: Алматылық мемлекеттік қызметшілер коммуникациялық дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда

Алматыда мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен өзара әрекеттесудің заманауи әдістері бойынша оқудан өтті. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы тиімді коммуникацияны дамытуға, сындарлы диалог мәдениетін нығайтуға және жанжалды жағдайлардың алдын алу мен оларды шешудің заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған «Шекарасыз коммуникация: жанжалды жағдайларды шешу» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сарапшылар, құқық қорғау саласының өкілдері, медиамамандар және белсенді тұрғындар қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, өзара түсіністік мәдениетін дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру.
Іс-шара модераторы Бекнұр Сейтжанұлы Кисиков құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы сенімді нығайту, ашық диалог қалыптастыру және коммуникативтік құзыреттерді дамыту әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі екенін атап өтті.
Семинар барысында спикерлер жанжалды жағдайларды басқару, медиа-коммуникация, құқықтық сауаттылық және қоғамдық қатынастар мәдениеті тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Спикерлер қатарында:
– Жұмақаева Бақыт Дәулетханқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, халықаралық деңгейдегі тренер, конфликтолог;
– Есен Махаббат Құрмантайқызы – медиаменеджер, UNESCO Clubs KZ елшісі, Америкалық Бери Фаулер академиясының тренер-коучы;
– Қалиева Жәмилә Болатқызы – адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі;
– Әбдікәрімова Әсел Салманқызы – Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры.
Іс-шара аясында қатысушылар практикалық кейстерді талқылап, сындарлы коммуникация дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар жанжалдардың алдын алу, құқықтық және психологиялық қолдау тетіктері, бейбіт диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар қоғамдағы өзара сенімді арттыруға, тиімді коммуникация орнатуға және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...