Шығармашылық серпін: Жаңа мүмкіндіктер

Шығармашылық серпін: Жаңа мүмкіндіктер

Астана қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл сала тек қосымша білім берумен шектелмей, жас буынның тұлғалық қалыптасуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал ететін маңызды әлеуметтік институтқа айналып отыр.

Жаңа кезеңнің бастауы

2025 жылғы 1 тамыздан бастап елордада балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл бастама бірнеше министрліктің бірлескен бұйрықтары негізінде жүзеге асып, шығармашылық, спорттық және білім беру бағыттарын кешенді түрде қамтыды.

Жобаның басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және сапалы қосымша білімге қолжетімділікті кеңейту. Осы арқылы мемлекет жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған нақты қадамдар жасап отыр.

Қамту ауқымы кеңейіп келеді

Бүгінде Астанада балаларға арналған қосымша білім беру қызметін көрсететін 588 ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде:

• 12 мемлекеттік ұйым 

• 576 жекеменшік ұйым 

Мемлекеттік мекемелер музыкалық, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетанулық, спорттық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттарды қамтиды.

Ал жекеменшік сектор ваучерлік қаржыландыру арқылы 244 түрлі үйірме мен секцияны ұсынады:

• 127 – білім беру 

• 67 – спорт 

• 50 – шығармашылық бағыт 

Жалпы қамтылған балалар саны 70 850-ге жетті. Оның ішінде 44 585 бала – жекеменшік ұйымдарда әмбебап ваучер арқылы, 25 080 бала – мемлекеттік ұйымдарда мақсатты ваучер арқылы білім алуда. Бұл көрсеткіштер елордада қосымша білім беру жүйесінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Шығармашылыққа қызығушылықты арттыру тетіктері

Балалардың өнер, музыка, театр және медиа салаларына қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі заманауи жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда шеберлік сыныптары, қалалық көрмелер, шығармашылық байқаулар,фестивальдар жүйілі ұйымдастырылып отыр. Мұндай іс-шаралар балалардың тек қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың сахналық тәжірибе жинауына, өзін еркін көрсетуіне мүмкіндік береді. Әсіресе медиа бағыттағы үйірмелер қазіргі цифрлық дәуірде ерекше сұранысқа ие.

Әлеуметтік әділдік – басты қағида

Жұмыстың маңызды артықшылықтарының бірі – тең қолжетімділік принципі. Қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде балалардың әлеуметтік жағдайы ескеріліп, арнайы санаттар бойынша кезектілік белгіленген.

Басымдық келесі топтарға беріледі:

1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар 

2. Девиантты мінез-құлықтағы балалар 

3. Мүгедектігі бар ата-анасы бар немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар 

4. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 

5. Атаулы әлеуметтік көмек алатын және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар. Бұл тәсіл қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтып, әр баланың өз қабілетін дамытуына мүмкіндік береді.

Астана қаласында жүзеге асырылып жатқан бастамалар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуда жаңа сапалы кезеңнің басталғанын көрсетеді. Мемлекет тарапынан ұсынылған жүйелі қолдау, кең ауқымды инфрақұрылым және әлеуметтік әділдік қағидалары – болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті, креативті әрі жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына берік негіз болмақ.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, елорданың шығармашыл әрі білімді жас буын қалыптастырудағы рөлін одан әрі нығайта түседі.

Еще больше интересного

«Мажорлар дәуірі өтті»

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы жол апатына қатысты пікірінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіп төндіріп жүрген «мажорларға»...

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру...

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық...