Спортшылар арасындағы қақтығыс:Серік Сәпиев зардап шекті

Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен болған төбелеске қатысты пікір білдірілді

Әлеуметтік желіде Қарағандыда олимпиадалық бокс чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімхановтың қатысуымен болған төбелес туралы ақпарат тарады. Оқиғаға Қарағанды облысы Полиция департаменті түсініктеме берді.

Қолда бар мәліметке сәйкес, жанжал салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Полицияның хабарлауынша, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі ер адам арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», — деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, 42 жастағы Серік Сәпиев қазіргі уақытта Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады. Ол — 2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Ал оның орынбасары Даурен Есімханов — самбодан Азия және әлем чемпионы.

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...