Тікұшақ апаты құрбандарының аты-жөні жария болады

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатынан қаза тапқан үш ұшқыштың аты-жөнін жариялады. Өздеріңізге мәлім, шілденің 25 күні Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын. Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғанды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштардың мәйіттері де табылды. Ең алдымен яғни 10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі табылып, анықталған болатын. 11 тамызда іздеу тобы авиациялық эскадрилья авиациялық буынының борт технигі капитан Бақтияр Ержігітовтің денесін тапты. Ал 12 тамыз күні қорғаныс министрлігі су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылғанын хабарлады. Ол- экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Амангелдінің. Қаза тапқан үш ұшқыш та Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектері. Әріптестері оларды әрдайым көмекке дайын, қайырымды және жанашыр азамат ретінде еске алады. Акваторияны және оған іргелес аумақты зерттеу бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. Тікұшақ бөліктерін анықтау және жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жалғасуда. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және барлық қажетті көмекті көрсетеді, — делінген ресми ақпаратта. Айта кетейік, бұған дейін тікұшақ апатқа ұшыраған Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілгені хабарланғанды.

Тағы оқыңыз...

Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...

Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...

Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқылануда

Бүгін Шымкентте ел экономикасын практикалық цифрлық және AI-трансформациялаудың жаңа ұлттық платформасына айналған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық...