Тікұшақ апаты құрбандарының аты-жөні жария болады

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатынан қаза тапқан үш ұшқыштың аты-жөнін жариялады. Өздеріңізге мәлім, шілденің 25 күні Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын. Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғанды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштардың мәйіттері де табылды. Ең алдымен яғни 10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі табылып, анықталған болатын. 11 тамызда іздеу тобы авиациялық эскадрилья авиациялық буынының борт технигі капитан Бақтияр Ержігітовтің денесін тапты. Ал 12 тамыз күні қорғаныс министрлігі су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылғанын хабарлады. Ол- экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Амангелдінің. Қаза тапқан үш ұшқыш та Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектері. Әріптестері оларды әрдайым көмекке дайын, қайырымды және жанашыр азамат ретінде еске алады. Акваторияны және оған іргелес аумақты зерттеу бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. Тікұшақ бөліктерін анықтау және жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жалғасуда. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және барлық қажетті көмекті көрсетеді, — делінген ресми ақпаратта. Айта кетейік, бұған дейін тікұшақ апатқа ұшыраған Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілгені хабарланғанды.

Тағы оқыңыз...

“Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Дикий Арманның құшағынан шыққан”

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгереева әлеуметтік желіде Орал қаласында өтетін кездесуге байланысты пікір білдіріп, қоғамда...

«Ulttyq Ónim» көрмесінде отандық брендтер бас қосты

Елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында дәстүрлі IX «Ulttyq Ónim» көрмесі өз жұмысын бастады. Биылғы көрме ауқымды болып...

Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру...