Тірі сауда

Тірі сауда

Қазақстанда адам саудасы өршіп тұр. Тек ағымдағы жылы елде адам саудасы бойынша 141 іс тіркелген.Соның ішінде 19 факті бойынша жаңа туған нәрестелерді сату орын алған. Қылмыскерлер сәбиді 500 мың теңгеден 1млн теңге дейін саудалаған.

Шынар Көшербаева –ҚР ІІМ басқарма басшысының орынасары:
-Кәмелет жасқа толмағандардың саудасы бойынша жаңа туған нәрестелерді сату фактілері тіркеліп отыр. Баланы асырап алғысы келетіндерге сатқан. Мұндай деректер көп аймақта тіркеліп отыр. Әсіресе Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда орын алған деректер бар. Өз схемасы бар. Бала аңсап жүрген жұпқа өз баласынан бас тартқандар сатады. Оны ортадағы делдалдар жүзеге асырады. Нәрстелерді сату құны — 500 мың теңгеден басталып 1 млн, 1,5 млн теңгеге дейін бағаланған.

Астанада адам саудасымен күрес мәселесіне арналған «заң мен тәртіп» ұлттық диалогы өтті.Оған Парламент депутаттары, халықаралық сарапшылар,құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Сарапшылардың айтуынша, әлеуметтік жағынан әлсіреген топтар яғни кедейлер, ауылдағы балалар, жұмыс іздеп елден шыққан мигранттар адам саудасының құрбанына айналып жатады. Олар арзан еңбек күшіне айналады, ал кейде жыныстық құлдыққа тап болуда. Өкінішке орай Қазақстан адам саудасында транзиттік аймаққа айналып отыр. Біздің елдің географиялық орналасуы яғни Азия мен Еуропаны жалғап тұрғаны қылмыстық топтарға ыңғайлы дейді сарапшылар.

Тағы оқыңыз...

Индустриядағы іске аспаған жоба

Дамыған автомобиль өнеркәсібі – кез келген елдің индустриялық және технологиялық деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Осыны ескерген...

Инфляцияны төмендету мәселесі Үкімет бақылауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін белсенді қолдануды тапсырды. Соңғы екі айда инфляция 12,4%-ға...

Аким Астаны попросил депутатов быть осторожнее в высказываниях

Во время сессии столичного маслихата аким Астаны Женис Касымбек призвал депутатов тщательнее подбирать слова и отвечать за...