
Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау туралы бастамасын көтерді. Мемлекет басшысы ғасырдан астам уақыт бойы құрамы өзгермеген Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа леп әкелетін кез келгенін айтты. Қазақ басшысы Кеңес құрамына Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің өкілдері ротация тәртібімен енуі тиіс. Сонымен бірге орта державалардың үні айқын естіліп, халықаралық қатынаста дәнекер рөл атқаруы қажет деді.

–Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасындағы ірі елдердің өкілдері ротация тәртібімен ұсынылуы керек. Сонымен қатар Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қажет деп санайды. Іс жүзінде орта державалар қазірдің өзінде теңгерімді сақтауға және өзара сенімді нығайтуға үлес қосып, халықаралық қатынаста жағымды рөл атқара бастады. Ұлы державалардың бастары бірікпегенде немесе барша адамзатты алаңдататын өзекті проблемаларды шешуге қауқарсыздық танытқанда, мұндай елдер БҰҰ аясында дәнекерге айналады –деді Тоқаев.
Президент баяндамасында әлемдегі жанжалдар мен ядролық қару қаупін атап өтіп, қару қолданудың қалыпты жағдайға айналмауы тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ, БҰҰ Жарғысын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Өйткені онда егемендік пен аумақтық тұтастық қағидалары әртүрлі түсіндіріліп, әскери әрекеттерді ақтауға себеп болып отыр.
-БҰҰ-ның құқықтық санатына тікелей қатысты ұсыныстың келесі тармағы – Жарғылық өзгеріс. Жарғыны қолайына қарай қолдануы ұйым беделіне нұқсан келтіріп отыр. Ол аздай, құжаттағы қағидаттар босаң, ондағы егемендік пен аумақтық тұтастыққа қатысты көзқарастары түрліше тәпсірленеді. Осыны пайдаланған мүдделі топтар Жарғыдан әскери әрекетін ақтауға себеп тауып келеді. Мысалы, Жарғыдағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан «жау мемлекет» ережесін халықаралық қоғамдастықтың басым бөлігі ескірген деп санайды. Сондықтан Жарғыны қайта қарау мәселесін талқылайтын уақыт келді-қазақ басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, 2024 жылы жаһандық әскери шығын 2,7 триллион долларға жетіп, рекорд орнатқан. Ал зорлық-зомбылықтың жалпы шығыны 20 триллион долларға жуықтады. Сондықтан халықаралық қоғамдастық қауіпсіздік архитектурасын қайта қалпына келтіруге күш салуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мінберді пайдаланып Украина мен Газа секторындағы ахуалға қатысты ойын жеткізді.Таяу Шығыстағы ахуалға да тоқталды. Араб елдерінің бейбіт бастамасын, Нью-Йорк декларациясын және Ибраһим келісіміне оң бағаберді. Бұдан бөлек, 22 сәуірді – Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялауды ұсынды. Ал 2026 жылды Қазақстан бастамасымен БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп бекітті.