Тоқаев сауда саласын дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді

Тоқаев сауда саласын дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады. Кездесу барысында сауда саласының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда үлесі ішкі жалпы өнімнің шамамен 19 пайызын құраған. Салаға 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, тауар айналымы 8,9 пайызға өсіп, 80,3 триллион теңгеге жеткен.

Электронды сауда көлемі 3,9 триллион теңгені құрап, бөлшек сауданың 15 пайызына тең болды. Сонымен қатар елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасып, Астана мен Алматы қалаларында ірі фулфилмент-орталықтар салынып жатыр.

Сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің көлемі 41 миллиард долларға жеткен. Экспорттаушыларды қолдау шаралары кеңейтіліп, сақтандыру сомасының шекті мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін ұлғайтылған.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылғаны айтылды. Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент сауда экожүйесін дамыту, отандық өндірісті қолдау, тұтынушылар құқығын қорғау және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді

Еще больше интересного

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу барысында Санжар Боқаев ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес ұсталды,деп хабарлайды Бас...

Астанада «Көңілді старт – 2026» отбасылық эстафетасы өтті

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай елордада «Көңілді старт – 2026» отбасылық эстафетасы ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласының...

Жаңа Конституция цифрлық дәуірде адам құқықтарын қорғауды күшейтеді –...

Қазақстандағы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеретін адамға бағдарланған құқықтық жүйені қалыптастырады....