ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Жаңа Конституцияның 31-бабы 2-тармағында волонтерлік қызметке ерекше тоқталған. Демек қоғамда белсенді жастардың статусы заңмен бекітілді деген сөз. Алғаш рет Ата Заңда еріктілер қызметін мемлекеттік деңгейде қолдау және ынталандыру нормалары қарастырылып отыр. Десе де, бұл бір күнде қабылданған шешім емес. Сан мәрте ой елегінен өткізіліп, халықаралық тәжірибенің ең озық үлгілерінен сараланып алынған маңызды шешім. Осыған дейін де Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясына қатысушыларға арнаған үндеуінде еріктілер институтының рөлін нығайту және олардың ұлттық әрі жаһандық прогреске қосатын үлесін арттыру қажеттігін шегелеп  атап өткен болатын. 

​Жуырда мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов AMANAT партиясының фракцисы атынан волонтерлік қызмет туралы Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаеваға депутаттық сауал жолдаған болатын. Депутат өз сөзінде волонтерлік жастарды кәсіби тұрғыда қалыптастырудың нақты әрі нәтижелі тетігіне айналдыру керектігіне тоқталды. Өйткені еріктілік(волонтерлік)еріккеннің ермегі немесе тек қоғамдық қызмет ретінде емес, еңбек нарығына дайындықтың маңызды құралы саналады. Осы ретте, «AMANAT» партиясы фракциясы ұсынған ұсыныстарды назарларыңызға ұсынамыз: 

1) 7 — 11 сыныптарда міндетті волонтерлікті ерте кәсіби бағдарламаға енгізу. Практик-мамандармен тұрақты кездесулер, ұйымдар мен кәсіпорындарға бару, кәсіптік күндер мен салалық апталықтар, бақылау форматындағы шағын тағылымдамалар, жеке мансаптық кеңес беру.

2) Еріктілік немесе қоғамдық практиканы мектептегі оқудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыру. 

3) Волонтерлік бойынша аккредиттелген жобалар мен қабылдаушы ұйымдардың нақтыланған бірыңғай тізімін құру. 

4) Волонтерлікті оқуға қабылдау кезінде ынталандырушы тетік ретінде енгізу.

Ұсыныс негізінде еріктілерді ынталандыру тетігі жөнінде депутаттан сұрап білдік. Мархабат Жайымбетов:

Ынталандыру нормаларын шетелдік тәжірибеге сүйене отырып қолдануды ұсындық. Мәселен мектепте 7-11 сынып аралығында пилоттық жоба ретінде қарасттыруға болады. Қоғамдық жұмыстармен қатар, өндіріс орындарын көзбен көру – оқушыларға үлкен тәжірибе. Ал, бұл тәжірибеден өткен балаларға ЖОО түсу барысында жеңілдіктер қарастырылуы керек. Өзіңіз білетіндей,  волонтерлік туралы заң жаңа Конституцияда қаралды. Бұл келешекте еңбек нарығына да әсер етеді деп ойлаймын. Сол себепті мектептен басталған тәжірибе мамандық таңдауға өзіндік ықпалын тигізсе, білікті кадрлардың қалыптасатыны даусыз – дейді мәжіліс депутаты.

Халықаралық тәжірибедееріктілік(волонтерлік) қызметтің тиімді модельдері қандай?

Атап айтсақ, АҚШ-та мектепті тәмамдау үшін оқушылар кемінде 75 сағаттық қоғамдық қызмет тәжірибесінен өтуге міндеттеледі. Одан ешкімнің құқығы шектеліп қалған жоқ, керісінше мамандық таңдау мен тұлғалық даму жолында өзіндік тәжірибе мен пікір қалыптасты. Кәрі құрлықта ЖОО түсуге ниетті талапкердің еріктілік қызметі оның саналы таңдауы мен азаматтық позициясының  негізгі көрсеткіші ретінде бағаланады. Француздар ұлттық бағдарлама шеңберінде жастарды 6 — 12 ай бойы азаматтық қызметке тартып, оларды еңбек дағдылары мен қоғамдық жауапкершілікке жүйелі түрде тәрбиелейді. Депутаттың айтып отырғаны осы. 

Максим Споткайдың да пікірі ерікті жастардың арманына қанат бітіргендей:

«Бүгінде елімізде волонтерлік мәдениет қалыптасу барысында. Бір қарағанда волонтерлік қызмет оңай көрінгенімен бұл – жәй процес емес. Өзіндік қиындықтары бар. Десе де елімізде, мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларындаволонтерлікке деген көзқарас айтарлықтай өзгеріп келеді. Соның нәтижесінде бүгінде волонтерлікпен айналысатын жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Волонтерлік қызмет біздің жастарымызға қызмет жолында да, тұлғалықдамуына да жаңа мүмкіндіктер ашатыны шүбәсіз», — дейді ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткай.

Жастар саясаты мәселесінде дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек ұтарымыз көп. Өйткені ерікті қызмет — желігу емес, еңбек нарығына жасалған алғашқы қадам, тәжірибенің тетігі.

Еще больше интересного

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты. «Конституция - елдің тұрақтылығы мен...

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға...

Қазақстанда өткен республикалық референдум халықаралық бақылаушылардың назарында болды. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Қазақстандағы дауыс...

Қазақстанда алдағы жазда парламент сайлауы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы парламент сайлауы өтетінін мәлімдедіПрезидент Қазақстанда жаз мезгілінде парламент сайлауы өтетінін хабарлады. Бұл туралы...