Зейнетақы қорынан заңсыз ақша шығарғандар қамалып жатыр

Зейнетақы қорынан тіс емдетуге заңсыз шығарылған миллиардтарға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім. Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ қаражатын заңсыз шығару бойынша қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген жалған стоматологиялық клиникалардың бірінің иесін ұстады.Сенат дәлізінде өткен брифингте Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов күдікті Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталғанын айтты. Әңгіме Аслан Дүйсенов туралы болып отыр. Тергеу деректері бойынша, оның кінәсі толық дәлелденген. Оған күдікті ретінде сырттай айыптау тағылып, сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шығарды және іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, сот санкцияны растады. Тергеу барысында оның төрт клиника ашуға қатысы бары, сондай-ақ заңсыз әрекеттер арқылы алынған қаражаттың толық көлемі дәлелденді, – дейді Елемесов. Агенттік жалған стоматология ашқан А.Қ. Дүйсеновке, Ғ. Иманбаевқа және Е.Б. Елеушевке іздеу жариялаған болатын. Олар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығарды деген күдікке ілінген. Олар тіс емдеу қызметі көрсетілді деген жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген. Оған Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Алайда аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген. Еске салсақ, Қаржы мониторингі агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» (БЖЗҚ) заңсыз ақша шығару схемасына қатысы бар 5 қылмыстық топтың қызметін әшкерелегенді. Тістің жырына қатысты мәселе туындаған соң «Отбасы банкі» зейнетақы қорынан азаматтардың жинағының бір бөлігін тіс емдеуге алуға шектеу қойғанды

-Күдікті адамдардың бәрін ұстап жатырмыз. 11 адамнан астамы ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Іздеу жариялаған үш адамның біреуін Қазақстан мен Ресей шекарасында ұстадық. Күдікті адамдардың бәрін ұстап жатырмыз. 11 адамнан астамы ұсталды. қамауға алынды. ҚІ тергеліп жатыр. Іздеу жариялаған үш адамның біреуін Қазақстан мен Ресей шекарасынан ұстадық.

Тағы оқыңыз...

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...