Жастар әскерден неге қашады?

Жастар әскерден неге қашады?
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтың пікірінше, жастар жайлы өмірге, еркіндікке және тұрақты күн тәртібіне үйреніп қалған. Сондықтан өмірлеріндегі өзгерістер оларды қорқытады.

Жастар бәрі емес,бірақ арасында қорқатындар бар. Олар жайлы өмірге дағдыланған . Әрине, бұл қорқыныш тудырады. Бұл кез келген адам үшін қалыпты жағдай. Тағы бір сұрақ: адам бұл қорқынышты қалай жеңеді? Бұл біздің ортақ, бірлескен проблемамыз. Және оны бірге шешу керек. Отанды қорғау әр азаматтың борышы болғанымен, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне кепілдік бермейтін жүйе алаңдатпай қоймайды. Бұған себеп те бар. Өйткені әскердегі қайғылы оқиғалар күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Әскерге шақырылған жас сарбаздар Отан алдындағы міндетін атқаруға аттанғанымен, ондағы жауапсыздық, әлімжеттік бозбалалардың артынан келетін қаралы хабарды көбейтіп отыр. Ал сарбаздардың бір-біріне қысым көрсетуі қалыпты жағдайға айналып, жасырын қылмыс қатарына қосылғандай. Олардың басым бөлігі психологиялық тұрғыдан шыдамай, қыл үстінде қалған өмірін ойланбай қиюға дейін баратыны да жасырын емес. Әскерге сап-сау аттанған азаматтың мүгедек не мерт болып оралғанын да көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Бұл – тек сарбаздардың жеке қасіреті емес, бүкіл әскери жүйенің әлсіздігі мен құлдырауының айқын көрінісі тәрізді. Осы орайда журналистер армиядағы өлім мен суицид оқиғаларын еске түсірді.

Сұлтан Камалетдинов Қорғаныс министрінің орынбасары: «Біле білсеңіздер, адам тек қарулы күштерде жүріп қана өлмейді. Адам мектепте де, балабақшада да, өкінішке қарай, жолда да көз жұмуы мүмкін. Сондықтан мен соған ғана акцент қоймас едім. Статистика бар, оны көрсететін формат бар: қарулы күштерде мұндай жағдайлар айтарлықтай азайған»-дейді Камалетлинов.

Тағы оқыңыз...

Индустриядағы іске аспаған жоба

Дамыған автомобиль өнеркәсібі – кез келген елдің индустриялық және технологиялық деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Осыны ескерген...

Инфляцияны төмендету мәселесі Үкімет бақылауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін белсенді қолдануды тапсырды. Соңғы екі айда инфляция 12,4%-ға...

Аким Астаны попросил депутатов быть осторожнее в высказываниях

Во время сессии столичного маслихата аким Астаны Женис Касымбек призвал депутатов тщательнее подбирать слова и отвечать за...