Қытай көлігі нарықты жаулап жатыр

Елде Қытай көлігіне сұраныс артқан. Себебі бағасы тиімді дейді көлік сатып алушылар.Соңғы жылдары Қазақстанның автомобиль нарығында қытай автомобиль брендтерінің саны артып келеді. Себебі Ресей автомобиль зауыттарында шығарылған еуропалық және жапон брендінің жабдықтарын жеткізу тоқтатылған. Еліміздің көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек. Қазірдің өзінде аспан асты елінің көліктеріне сұраныс жоғары. Бұған тұтынушыларға жасаған жағдай мен бағаның қолжетімділігі себеп дейді мамандар. Ең қолжетімді модель – 8,4 млн теңге, ең қымбатының бастапқы бағасы – 29,9 млн теңгені құоайды. Енді алматыда қытайлық автомобильдер жинала бастайды.

Олжас Сапарбеков ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі: «Биыл екі зауытты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, біреуі-қытайлық Changan, Chery және Haval брендтерінің автомобиль шығаратын зауыты. Зауыт жақын арада іске қосылады. Зауыттың өндірістік қуаты 100 мыңнан аса автокөлікті құрайды. Сол жерде қытайлық брендтердің автокөліктері шығарылады, компоненттердің локализациясы да қарастырылған.»

Бұған дейін қазақстандық машина жасайтын зауыттар көлікті шет елден сатып алып шекарада дөңгелегін алып тастап отырған дейді сыншылар. Ондағы мақсат қазақстанға кедендік баж салығын төлемеу. Ол аз болғандай бұл кәсіпкерлер біз отандық өнім жасадық деп мемлекеттен қаражат сұрап келген. Сондықтан бізге локализация яғни машинаның неғұрлым көп қосалқы бөлшектері жасалғаны тиімді дейді сарапшылар.

Олжас Сапарбеков ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі: «Өткен жылы бізде компоненттік базаның кейбір элементтері бойынша өндіріс басталды. Әрбір өндіруші өзіне міндеттеме алған. Дәлірек айтқанда, технологиялық операциялар мен қосалқы бөлшектердің локализациясы көзделген. Пластик детальдар, орындықтар мен мультимедиялық жүйелерді өндіру жоспарланып отыр.»

Жалпы шикізат сатқаннан гөрі елге дайын өнім сатқан тиімді дейді экономистер. Сонда мемлекетке көбірек салық түседі. Елде жұмыс орындары ашылады. Бұл халыққа да, мемлекетке де пайдалы. Бірақ бұл үрдіс қазақстанда тым баяу жүріп келеді дейді сарапшылар.

Тағы оқыңыз...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...