Жол құрлысының пайдасын кім көріп жатыр?

Жол құрлысының пайдасын кім көріп жатыр?
Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі


Қазақстан жолдары кімге тиімді етіп салынып жатыр? Отандық өндірушілер бар, бірақ жол құрылысына шетелдік материалдар таңдалады. “Ақ жол” партиясының депутаттары Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жолдаған сауалында осы мәселеге алаңдаушылық білдірді.Салада қазақстандық ғылыми әзірлемелер жеткілікті. КаздорНИИ, Сәтбаев университеті, Еуразия ұлттық университеті және бірқатар отандық компаниялар жол құрылысына арналған инновациялық шешімдер ұсынып отыр. Бірақ тәжірибеде көбіне шетелдік өнімдер қолданылады.Бұл – бюджет қаржысының шетелге кетуі ғана емес, отандық ғылым мен өндірістің дамуын тежейді.
-Атап айтсақ, жол жобаларын жүзеге асыру кезінде, көбіне АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Ресей өндірісінің жол-химия материалдары қолданылуда.Қалыптасқан тәжірибе, қомақты бюджет қаражатының шетелге кетуіне және шетелдік ғылым мен өнеркәсіпті жанама түрде қаржыландыруға алып келеді. Бұл, ұлттық экономика мен технологиялық егемендікті дамыту саясатына қайшы келіп отыр-дейді депутат Серік Ерубаев.
Оның айтуныша, кейбір тапсырыс берушілер техникалық талаптарды импорттық материалдарға бейімдеп, отандық өнімдердің жолын жауып отыр. Тапсырыс берушілер тарапынан, мердігерлерді импорттық материалдарды қолдануға мәжбүрлейтін жағымсыз үрдіс көп кездеседі. Бұл, өздеріне керекті шешімдерді қабылдау үшін, техникалық сипаттамаларды әзірлеу кезінде, артық талаптарды белгілеу немесе өзге шектеулер қою арқылы көрініс тауып отыр.Мұндай тәсілдер жосықсыз бәсекелестік тәуекелдерін тудырады және салыстырмалы баламалар бола тұра, отандық әзірлемелерді ішкі нарықтан ығыстыруға әкелуі мүмкін.
“Ақ жол” фракциясы Үкіметтен соңғы үш жылдағы отандық материалдардың үлесін жариялауды, іріктеу критерийлерін түсіндіруді және импортты күштеп енгізу фактілеріне құқықтық баға беруді талап етті.

Еще больше интересного

Жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмыспен...

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мансап орталықтары арқылы 200,4 мың азамат жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіштің ішінде...

Қостанай полициясы блогердің мәлімдемесіне қатысты тексеру жүргізуде

Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар таралуда. Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы...

Қазақстан «Жазғы Давос» форумында инвестиция мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа чемпиондарының 17-ші жыл...