Депутаттардың аймақтарға сапары басталды

Жетісу облысына іс -сапарында Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов Төтенше жағдайлар департаментінің қызметімен танысты. Онда департаменттің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін көріп, азаматтық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып,жеке құраммен кездесті.

Қазіргі таңда облыс аумағында төтенше жағдайлар саласында 715 қызметкер еңбек етсе, оның 120-сы облыстық департаментте қызмет атқарады. Кездесуде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы, салада қордаланған түйткілдер мен оларды шешудің ықтимал жолдары кеңінен талқыланды.
Депутат Саурықовтың айтуынша, төтенше жағдайлар қызметі облыс көлемінде орнатылған 1347 бейнебақылау камерасын күндіз-түні бақылауда ұстап отыр. Өткен жылы өңірде 406 өрт оқиғасы және 5 суға қатысты төтенше жағдай тіркелген. Бұл оқиғаларда адам шығыны болғанын сала мамандары жасырмады.

Мәжілісмен Жетісулық құтқарушылардың жаңа қызметтік көліктермен, арнайы техника және заманауи жабдықтармен қамтылғанына көз жеткізді.
“Бұл өз кезегінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет етуге оң ықпалын тигізері сөзсіз. Алайда, салада мамандардың жетіспеушілігі бар екен”-деді депутат.

Кездесуде мәжіліс депутаты құтқарушылардың жауапкершілігі жоғары, әрі аса қауіпті қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

“Олардың еңбегі әрдайым қолдауға лайық. Кездесуде көтерілген ұсыныстар мен мәселелерді алдағы уақытта заңнамалық деңгейде қарастыруға дайынмын”, -деді Ерболат Саурықов.

Тағы оқыңыз...

«Жылдың 10 оқырманы»: жеңімпаздарға 10 млн теңгеден беріледі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті. Брифингке ҚР...

“Әскерге көзбояушылық емес, нақты нәтиже керек”

Су жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов алғашқы жұмыс кеңесінде армияны реформалаудың негізгі бағытын айқындады. Министр:— «Армия есептік көрсеткіштер...

Ахметов пен Мағауия қайда болды?

Қорғаныс министрлігі әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. видеосын жариялады. 24 қыркүйекте Маңғыстауда әскери-теңіз күштері өткізген...