Ұлттық Құрылтай Қызылордада өтеді

Қазақстан жаңа Парламентке қадам баса ма? Бұл сұрақ Парламенттік реформа бойынша жұмыс кеңесінде қаралды.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты. Кеңесте елдің саяси жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкелуі мүмкін мәселелер талқыланды.

Өздеріңізге мәлім, жұмыс тобы бір палаталы Парламенттің болашақ мәртебесі, өкілеттігі мен биліктің өзге тармақтарымен байланысын айқындауға кіріскен.

Келесі отырыста жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың жұмысын қамтамасыз ету рөлі қаралады.
Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстар тек сарапшылардан емес, қарапайым азаматтардан да түсіп жатыр. Бұл орайда Президент барлық пікір ескерілуі тиіс, ал түпкілікті шешімді халық жалпыұлттық референдумда қабылдайды деді.

Сонымен бірге, елдегі маңызды қоғамдық диалог алаңы — Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтетіні айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев дайындықты күшейтуді тапсырды.

Тағы оқыңыз...

Қазақстандықтардың қоғамдық кеңестерге жолдаған өтініштерінің 60%-дан астамы оң шешімін...

Қазақстанда қоғамдық кеңестер институтының тиімділігі артып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта азаматтардан түскен 900-ден астам өтініш қаралып, олардың...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...