Хрусталева: Спортшыларға сын емес, қолдау қажет

Елена Хрусталева Қазақстан құрамасын қолдады.
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатқан тұста қазақстандық құраманың өнер көрсетуі төңірегінде қоғамдық талқылау күшейді. Жанкүйерлер спорттық нәтижелерді ғана емес, қысқы спорт түрлеріне бөлінетін бюджет шығындарын да белсенді түрде талқылап жатыр. Осы жағдайға байланысты Олимпиаданың биатлоннан күміс жүлдегері Елена Хрусталева қазақстандық спортшылардың айтарлықтай психологиялық қысым көріп отырғанын айтты. Бұл туралы ол Қазақстан биатлон федерациясына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде спортшылар тек бәсекелестікпен ғана емес, қоғам мен әлеуметтік желілердегі қатаң реакциямен де бетпе-бет келуде. Үздіксіз сын олардың өнер көрсетуіне тікелей әсер етуі мүмкін.

«Спортшыларға бағытталған жағымсыз пікірлер толқыны – стартқа өзімен бірге алып шығатын қосымша қысым. Кез келген стресс – қателікке ұрыну қаупін арттырады», – деді ол.

Сонымен қатар Хрусталева ұлттық құраманың қазіргі мүшелерін ашық қолдады. Оның пікірінше, дәл қазір спортшыларға эмоциялық сын емес, қоғамның қолдауы аса қажет.

Ол медальға жету жолы әрдайым қиын кезеңдерден өтетінін, ал құраманың буын алмасуы – табиғи үдеріс екенін еске салды. Әсіресе бұл құрамда алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатқан жас спортшылар бар әйелдер командасына қатысты.

Спортшы саланы қаржыландыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, бөлінетін қаражат спортшылардың дайындығына, экипировкасына, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде өнер көрсетуін қамтамасыз ететін мамандардың жұмысына жұмсалады.

Хрусталева спортшыларға қысым көрсетудің орнына, олардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін қолдау ортасын қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

«Біз өз спортшыларымыздың жанында болуымыз керек. Болашақ жеңістер осылай ғана келеді», – деді ол.

Еще больше интересного

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...

Астанадағы әйел өлімі: төрт полицей қызметінен кетті

Астанада 30 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қабылданды. Бұған дейін...