Қазақстанда құны 10 млрд доллар болатын зауыт салынуы мүмкін

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Үкіметтегі брифингте авиаотын бағасын төмендету шаралары туралы айтты.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыты шамамен 750–760 мың тонна авиаотын өндірген. Бұл көлем ұлттық әуе компанияларының, ТЖМ әуе борттарының және мемлекеттік материалдық резервтің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

Елдегі авиаотынның жалпы тұтыну көлемі жылына шамамен 1,2 млн тоннаны құрайды. Осылайша, тапшылық көлемі 500–600 мың тонна шамасында. Жетпейтін көлем халықаралық әуе тасымалдаушылары мен әуежайларды қамтамасыз ету үшін Ресейден импортталады. Ең ірі тұтынушы – Алматы әуежайы.

Вице-министрдің айтуынша, 2032 жылға қарай Қазақстан қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту есебінен авиаотын тапшылығын толық жоюды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, билік төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруда. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл кәсіпорын жылына шамамен 10 млн тонна мұнай өңдей алады.

Жобаның болжамды құны шамамен 10 млрд долларды құрайды. Жоба жүзеге асқан жағдайда ішкі нарықты авиаотынмен және дизель отынымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ авиаотын бағасының біртіндеп төмендеп келе жатқаны айтылды: бір тоннасы 1300 доллардан 940–950 долларға дейін арзандаған. Алдағы уақытта бағаны 890–900 доллар деңгейіне дейін жеткізу жоспарлануда.

Еще больше интересного

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...