Қазақстан Премьер-министрі Түркі мемлекеттері ұйымы кездесуіне қатысты

Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер үкіметтері басшыларының екінші кездесуіне қатысып, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесуге Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан үкіметтері мен ТМҰ Бас хатшысы қатысты. Қазақстан Премьер-министрі өңірлік және жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік инфрақұрылымын дамыту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне ерекше мән берді.

Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Қазақстан мен ТМҰ елдері арасындағы сауда көлемінің 2025 жылы $12,9 млрд-қа жеткенін атап өтіп, өзара инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттілігін білдірді. Сонымен қатар, Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағын күшейту, Цифрлық экономика саласындағы әріптестік келісімін ратификациялау және Түркістандағы «Тұран» арнайы экономикалық аймағында бірлескен өндірістерді дамыту жоспарланды.

Фото: Үкімет

Көлік-транзит саласында Орта дәлізді дамыту, Зангезур дәлізін және Транскаспий халықаралық бағытты жетілдіру мәселесі көтерілді. Сондай-ақ экологиялық шешімдер мен трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылымды нығайтуға басымдық берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, Әзербайжанның ТМҰ төрағалығын қолдау және практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер бекітілді.

Еще больше интересного

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...