Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады.

Мемлекеттер басшыларына бұл сайыс ІТ және жасанды интеллект салаларын меңгерген талантты жастарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғаны баяндалды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Хакатон білім беру мекемелері, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Хакатонға қатысушылар медицина, білім беру технологиялары, сондай-ақ кәсіпкерлік бағыттарындағы нақты міндеттердің түйінін тарқатумен айналысады.

Өңірлік жарысқа мыңнан астам жас маман, студенттер мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты.

Президенттерге Govtech Өзбекстан цифрлық үкіметінің соңғы әзірлемелері, көлік, кеден, салық, энергетика, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс, өнеркәсіп салаларындағы цифрлық шешімдер таныстырылды,- деп хабарлайды Ақорда.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...