KazanForum: Қазақстан Halal нарығына бет бұрды

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан делегациясын XVII «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» халықаралық экономикалық форумында бастап барды.

Форум аясында ведомство басшысы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен, сондай-ақ Шуваш Республикасы мен Мордовия Республикасы басшылығымен кездесулер өткізді. Келіссөздердің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика байланыстарын дамыту және Halal-индустрия саласындағы бірлескен жобалар болды.

«Ресей Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып қала береді. Біз цифрландыру, өнеркәсіптік кооперация, логистика және сауда салаларында үлкен әлеуетті көріп отырмыз және осы бағыттардың барлығы бойынша белсенді бірлескен жұмыс жүргізілуде», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Қазақстан форум барысында елдің экспорттық және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ жасанды интеллект пен экономиканы цифрландыруды дамыту стратегиясын таныстырды. Сауда ынтымақтастығын кеңейту, инвестициялар тарту және қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар Halal-индустрияны дамытуға да айрықша көңіл бөлді. Halal стандарттары мен сертификаттарын өзара мойындау, стандарттау инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және қазақстандық Halal өнімдерін Ресей нарығында ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Арман Шаққалиев Мысырдың сауда және өнеркәсіп министрімен кездесу өткізіп, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және экспорттық жеткізілімдерді дамыту перспективалары қарастырылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Еще больше интересного

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматыда қаланың барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды. Жаңа кеңістік бір ай бойы М....

Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды

Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! «Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар...