ІІМ қазақстандықтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды

ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта кәмелетке толмағандар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды тіркеп, кейін оларды басқа адамдарға беретін жағдайлар жиілеген. Ведомствоның айтуынша, алаяқтар мұндай аккаунттарды азаматтарға жалған қоңырау шалу және басқа да заңсыз әрекеттер үшін пайдаланады.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бөтен адамдарға беру — алаяқтық жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде бағаланады», — деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бейбіт Біржанов.

ІІМ азаматтарға:

  • күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға;
  • жеке аккаунттарды өзге адамдарға пайдалануға бермеуге;
  • балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге;
  • тіркелген нөмірлерді бөгде адамдарға табыстамауға;
  • күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлауға кеңес берді.

Полиция цифрлық қауіпсіздікке мұқият болуға шақырды.

Еще больше интересного

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...