Астана полициясы ұлы жазушының ескерткішіне құрметсіздік танытқан қыздың жеке басын анықтады

Әлеуметтік желілерде қыздың фотосессия үшін Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып, мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқаны бейнеленген видео тарады.

Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, оны «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын және мәдениет пен тарихи мұра нысандарына ұқыпты әрі құрметпен қарау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ ескерткіштерді, мәдениет және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм әрекеті ретінде бағаланатынын және заңда белгіленген жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Еще больше интересного

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...

«Қазақстандық жастарға тәнті болдым»: шетелдік байқаушылар сайлау учаскелерінде не...

Алғашқы Құрылтайға сайлауы халықаралық байқаушылардың жіті назарында өтіп жатыр. ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, ТүркПА және...