Ербаянның жағдайы күрт нашарлады

Әскерде ауыр ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлап, қайтадан жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы жас жігіттің емі мен оңалтуына арналған Instagram парақшасында хабарланды.

Жақындарының айтуынша, 26 мамыр күні Ербаян шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауымен қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Отбасының мүддесін қорғап жүрген заңгер Инга Иманбай сарбаздың туыстарымен тұрақты байланыста екенін айтты.

Ербаян Мұхтардың оқиғасы 2023 жылы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сол кезде жас сарбаз ауруханаға кома жағдайында түскен. Әскери бөлімде ол дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алған деп мәлімдеген. Алайда ата-анасы бұл нұсқаға сенбей, жарақат қатыгез соққыдан болғанын айтқан.

Кейін Бас әскери прокуратура тергеу әскери қызметшілер арасындағы жарғылық қатынас ережелерін бұзу бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу барысында нақты адамдардың қатысы тексерілген.

Емделу барысында қазақстандықтар Ербаянға шамамен 230 миллион теңге жинап берген. 2025 жылы ол Түркияда екі рет ем қабылдап, оңалтудан өткен.

Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Еще больше интересного

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...