Үкімет 2025 жылы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындады — Мәди Такиев

2025 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындады. Республикалық бюджет шығыстары 25,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде 9,3 трлн теңге әлеуметтік салаға, ал 7,7 трлн теңге өңірлерді қолдауға бағытталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

«Республикалық бюджет шығыстары 99 пайызға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындады. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді», – деді Мәди Такиев.

Қаржы министрінің айтуынша, ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталған. Сонымен қатар студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға есептелген 30 жатақхана пайдалануға берілді.

«Барлық қаржыландыру көздері есебінен 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал топтар үшін 5 141 баспана сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғастырылып, 980,5 шақырым инженерлік-коммуникациялық желі тартылды, сондай-ақ 6,3 мың шақырым су құбыры және су бұру желілері салынды және жөнделді», – деді министр.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға да қомақты қаражат бөлінген. Жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырым автожолда түрлі жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 9 мың шақырымы – республикалық, ал 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар теміржол және әуе бағыттарын қолдау жалғастырылды.

Еще больше интересного

Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау...

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі...

Алматыда мектеп психологтарына балалардың суицид қаупін ерте анықтау үйретілді

2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтік мінез-құлықтың...

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...