Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ташкенттегі педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстанға жұмыс сапары аясында Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының қызметімен танысты.

Сапар барысында қазақстандық делегацияға институттың негізгі жұмыс бағыттары мен педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі таныстырылды. Әсіресе мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған бағдарламаларға, оқытудың заманауи форматтарына және білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Делегация институт жанындағы кітапхана, JALINGA студиясы және STEAM-орталықтың жұмысын көрді. Бұл алаңдарда педагогтерді тәжірибеге бағытталған әдістер арқылы даярлау, цифрлық білім беру контентін әзірлеу және заманауи кәсіби құзыреттерді дамытуға арналған жобалар жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында тараптар үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету тетіктерін дамыту және инновациялық білім беру технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.

Сапар қорытындысында білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мен екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...