Қазақстанда 1600-ден астам адам бетін жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киім мен өзге де заттарды киюге тыйым салынғанын еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл норма «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда бекітілген және қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты, медициналық көрсетілімдер бойынша, қызметтік міндеттерді орындау кезінде немесе спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар барысында бетті жабуға рұқсат етіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзушылық жасағандарға ескерту беріледі. Егер мұндай әрекет бір жыл ішінде қайта қайталанса, құқық бұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта бұл сома 43 250 теңгені құрайды.

ІІМ мәліметінше, бүгінгі күнге дейін аталған бап бойынша 1613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киім киюге тыйым салу Қазақстанда 2025 жылдың шілде айынан бастап күшіне енді. Бұған дейін полиция бұл жаңашылдық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын және қажет болған жағдайда бейнебақылау камераларының көмегімен жеке тұлғаны жедел анықтауға мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары бұл өзгерістер азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығына қатысты құқықтарын шектемейтінін атап өткен.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...