Астана күні қарсаңында үздік отбасылар марапатталды

Астана күні қарсаңында ҚР Ұлттық музейінде «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында өткен «Біздің жүрегіміздегі Астана» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқаудың мақсаты – жас отбасылардың шығармашылығын қолдау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және елордаға деген сүйіспеншілікті насихаттау. Байқауға Астанадан 30-ға жуық жас отбасы қатысып, Астанамен байланысты ең жарқын естеліктерін бейнеролик арқылы ұсынды. Жеңімпаздар Instagram әлеуметтік желісіндегі лүпіл (лайк) саны бойынша анықталды.

Салтанатты рәсімге Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Самат Ибраев өз сөзінде байқаудың отбасы бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын атап өтіп, қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жеңімпаз отбасылар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 20 үздік қатысушы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...