Түркістан облысында діни және әлеуметтік араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғыны жариялаған бейнежазбаны анықтады. Ведомствоның мәліметінше, онда діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар мәлімдемелер айтылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ Конституцияға сәйкес Қазақстанда барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтары тең қорғалатынын еске салып, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни немесе әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуге бағытталған жария үндеулерге жол берілмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ министрлік сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын айтып, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Еще больше интересного

Малшылар ауылы

Түркістанда ерекше жоба қолға алынып жатыр. Мал өсіріп, кәсібін өрбіткісі келетін шағын шаруалар үшін «Ескі Иқан» мал...

Қазақстанда өсірілген мақта өңделіп, одан әлемдік брендтердің киімдері тігілмек

«Turkistan Textile» жобасы мақта өсіруден бастап, дайын киім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды. Оның аясында элиталық...

Боқаев «ҚазТрансГаздан» кеткен соң компания ақшасын игеруге қалай араласты

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша қаржылық және кадрлық құжаттарды зерттеу жалғасып жатыр. Кезекті...