Энергетика министрлігі: Алматыға тамыз айына жоспарланған сұйытылған газ толық көлемде бөлінді

Қазақстан Энергетика министрлігі Алматы қаласындағы автогаз құю станцияларын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Министрліктің мәліметінше, өңірлерге сұйытылған мұнай газы жергілікті атқарушы органдар ұсынған қажеттілікке сәйкес бөлініп, бекітілген кесте бойынша жөнелтіледі.

Алматы қаласына тамыз айына 6 478 тонна сұйытылған мұнай газы қарастырылған. Бұл көлем қала әкімдігінің өтініміне толық сәйкес келеді және министрлік тарапынан толық қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға байланысты 4 тамыз күні Алматыға қосымша 1 512 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Қосымша көлемді жөнелту өндіруші зауыттармен және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жедел ұйымдастырылған.

Энергетика министрлігі өңірлерде жанар-жағармай мәселелері бойынша жедел штабтар жұмыс істейтінін еске салды. Олар бөлінген ресурсты қабылдап, автогаз құю станцияларына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ газды сатуда үзілістердің алдын алу шараларын қабылдайды.

Ведомство Алматы әкімдігімен, өндіруші зауыттармен және тасымалдаушылармен бірлескен жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Еще больше интересного

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...