«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді.

Жер бедерінің ерекшелігі ескеріліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына ерекше назар аударылды. Биіктік деңгейі әркелкі аумақтардағы өздігінен пайда болған соқпақтардың орнына көркейтілген баспалдақтар салынды.

Жаңа баспалдақтар Сұлусай шағынауданында, әл-Фараби даңғылында және Роза Бағланова көшесінде орнатылды. Атап айтқанда, Сұлусай шағынауданында ұзындығы 120 метр металл баспалдақ салынды, әл-Фараби даңғылында екі жағынан жалпы ұзындығы 200 метр болатын баспалдақтар орнатылды, ал Роза Бағланова көшесінде шамамен 40 метр баспалдақ жасалды.

Сонымен қатар жоба аясында Шығыс айналма автомобиль жолының бойындағы және Шығыс айналма автомобиль жолы мен Диваев көшесінің қиылысындағы қолданыстағы баспалдақтар жөнделді.

Барлық жұмыс аяқталды. Көркейтілген баспалдақтар Медеу ауданы тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын, әсіресе биіктік айырмасы айқын учаскелерде, барынша қолайлы әрі қауіпсіз етеді.

Жалпы Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру аясында қалалық ортаны көріктендіру мен дамытуға бағытталған 30 жоба қарастырылған. Оның ішінде автоматты суару жүйесін орнату арқылы көгалдандыру бойынша 16 жоба, қоғамдық кеңістіктерді көркейту бойынша 8 жоба және аула аумақтарын жөндеу бойынша 6 жоба бар.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...