Қазақстандықтар Меккеге сапарға шыға алмай, шамамен 60 млн теңгесінен айырылған

Астанада сот азаматтарға Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастырып береміз деп уәде етіп, ақшаларын алғаннан кейін міндеттемелерін орындамаған екі ер адамға үкім шығарды.

Елордалық прокуратураның мәліметінше, ер адамдар Instagram желісінде Сауд Арабиясының қалаларына сапар ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған. Олардың ұсынысына 37 адам қызығушылық танытқан.

Жалпы азаматтар ұйымдастырушыларға шамамен 60 млн теңге аударған. Алайда уәде етілген сапарлар жүзеге аспаған. Сот анықтағандай, ер адамдар алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленушілер материалдық шығынды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінген. Олардың азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Екі айыпталушы да аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот әрқайсысына төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...