Қазақстандықтар Меккеге сапарға шыға алмай, шамамен 60 млн теңгесінен айырылған

Астанада сот азаматтарға Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастырып береміз деп уәде етіп, ақшаларын алғаннан кейін міндеттемелерін орындамаған екі ер адамға үкім шығарды.

Елордалық прокуратураның мәліметінше, ер адамдар Instagram желісінде Сауд Арабиясының қалаларына сапар ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған. Олардың ұсынысына 37 адам қызығушылық танытқан.

Жалпы азаматтар ұйымдастырушыларға шамамен 60 млн теңге аударған. Алайда уәде етілген сапарлар жүзеге аспаған. Сот анықтағандай, ер адамдар алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленушілер материалдық шығынды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінген. Олардың азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Екі айыпталушы да аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот әрқайсысына төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еще больше интересного

Алматыдағы қызмет көрсету саласының жас өкілдері құрдастарын белсенді азаматтық...

Алматыда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау қарсаңындағы ақпараттық науқанға қызмет көрсету және қалалық сервистер саласында еңбек ететін...

Еңбекке – кепілдік қажет

Қазақстан экономикасы шын мәнінде шахталарда, мұнай кеніштерінде, егістікте және құрылыс алаңдарында еңбек ететін адамдардың күшімен дамып жатыр...

Нұрай ісі: Ш.Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі қарап, үкім...