Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға жала жапқан емші 1,5 млн теңге айыппұл төлейді

Ақтөбе соты емші Бағдагүл Лепесованы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Сотта Лепесова өзіне тағылған айыппен келіспей, видеоны өзі жарияламағанын айтты. Ал Баян Алагөзова бейнежазбада ар-намысына тиетін сөздер айтылғанын айтып, кешірім бермейтінін мәлімдеді.

Сараптама қорытындысы бойынша жала жабу дерегі расталған.

Сот шешімімен Бағдагүл Лепесоваға 1 557 000 теңге айыппұл салынды. Айыппұл 30 тәулік ішінде төленуі тиіс.

Сонымен қатар, емшіге қатысты Астанада Қылмыстық кодекстің «Қорлау» бабы бойынша бөлек қылмыстық іс қаралып жатыр.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...