Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апаты бойынша мәлімдеме жасады

Қымбатты достар!

Менің қатысуыммен болған жол-көлік оқиғасына қатысты әлеуметтік желіде түрлі әңгіме мен болжам тарап жатыр. Өкінішке қарай, олардың бәріне жауап бере алмаймын.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мен және жұбайым тергеу құпиясын жария етпеу туралы қолхатқа қол қойдық. Сондықтан қазір істің мән-жайына қатысты толық ақпарат бере алмаймын.

Қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде. Тергеу органдары болған жағдайға заң аясында объективті әрі әділ баға береді деп сенемін.

Мен үшін дәл қазір ең маңыздысы — жол апатынан зардап шеккен азаматтың жанынан табылып, оның жақындарына қолдау көрсету. Бірнеше күннен бері оның туыстарымен бірге сауығып кетуін тілеп, алаңдап отырмыз.

Оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлеріне, Денсаулық сақтау министрлігіне және облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс айтамын.

Әлеуметтік желідегі әр ақпаратқа сене бермеуге, асығыс шешім жасамауға шақырамын. Шындықты тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижесі көрсетеді.

«Біз үшін алаңдап, қолдау білдіріп жатқан баршаңызға рақмет!» – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында жол-көлік оқиғасы болып, қылмыстық іс қозғалды.

Toyota көлігінің жүргізушісі жолда тұрған 36 жастағы ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Желіде көлік тізгінінде экс-депутат Бақытжан Базарбек болғаны туралы ақпарат тарағанды. Бүгін экс-депутат бұл ақпаратты растап,мәлімдеме жасады.

Еще больше интересного

Қазақстанда атом саласындағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі,«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Atomic Industry Development Association (AIDA) ұлттық...

5 жасар бала тоққа түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр

Астанадағы балалар алаңында электр тоғына түскен бес жасар бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп...

Алматы үш сағат бойы жарықсыз қалды

14 тамызда Алматыда ауқымды электр энергиясының өшуі тіркелді. Ақау қаланың бірден бірнеше ауданын қамтып, күнделікті қалалық инфрақұрылымның...