Құрметті қазақстандықтар!
«Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін.
Мұндай ақпараттық араңдатулар сайлау күндері әлемнің көптеген елдерінде тұрақты түрде тіркеледі. Олардың мақсаты — дауыс беру рәсімі туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру және азаматтардың ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысты жағымсыз эмоциялық реакциясын туындату.
Мұндай жарияланымдарда көбіне бұрын түсірілген фотосуреттер мен бейнематериалдар, басқа елдерге қатысты материалдар (мысалы, сайлау бюллетеньдерді жаппай жәшікке салу көріністері), түсірген уақыты мен орны көрсетілмеген бейнежазбалардың үзінділері, сондай-ақ анонимді аккаунттардан жарияланған ақпараттар пайдаланылады.
Заманауи технологиялар монтаж және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, осындай контентті жасауға және таратуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында қоғамға танымал тұлғалар мен саясаткерлердің бет-бейнесі, дауысы пайдаланылған жалған фото, аудио және бейнематериалдар да бар.
Құрметті қазақстандықтар!
‼️ Ақпарат алу кезінде ресми дереккөздерге сүйеніп, мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеріңіздер. Расталмаған хабарламаларды таратпаңыздар. Сіздердің ақпаратқа мұқият әрі жауапкершілікпен қарауларыңыз сайлау күні сабырлы әрі өзара құрметке негізделген ахуалды сақтауға ықпал етеді.
Еще больше интересного

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды
Алматыда қаланың барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды. Жаңа кеңістік бір ай бойы М....

Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды
Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа...

Арқалыққа ұшақ қайта қонды: 30 жылдан кейін әуе қатынасы...
Арқалық қаласының әуежайы 30 жылдық үзілістен кейін қайта жұмысын бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Көлік министрлігі...


